Жақсы және одан да жақсы

Өмір – Жаратушының берген нығметі, одан да үлкен нығмет – ешкімге алақан жаймай, қарызға батпай өмір сүру.

Ең бақытты адам – дереу тәубеге келіп, күнәларын жуып-шайғандар, одан да абзалы – күнәға батпау.

Кей адамдар бар, олардың қолындағы уақыт ұстаның қолындағы ағашқа тең, кей адамдар бар, олар өздері уақыт-ұстаның қолындағы ағаш секілді.

Адамды тез қартайтатын ең үлкен дерт – қартаюдан қорқу...

Қараңғылыққа қарсы болу дұрыс-ақ. Одан да абзалы – қараңғылықты жамандап шағымданудың орнына, жарығы жартымсыз болса да шырақ жағу.

Ұдайы жасалған аз жақсылықтың өзі ара-арасында жалғасын таппай үзіліп қалатын көп жақсылықтан  әлдеқайда берекелі.

Гигиена үшін жасалған бір қадам емдеу үшін жасалған жүз қадамнан да артық.

Бір тірі қой мыңдаған өлі қойдан артық және берекелі.

Мұсылманның ар-намысы мен абыройы оның Мұхам-медтік жолға беріктігін көрсетеді.

Қолдағы бір торғай аспандағы мың көгершіннен артық.