Халыққа қызмет

Біздің жолымыз – ұлтымыз бен мемлекетіміз үшін жасалған әрбір қайырлы іс пен талпынысты қолдау және оның мүддесін қорғауды қасиетті борышым деп білгендердің бәрін желеп-жебеу. Күпірлікке барып, жала жапқандарға мойын да бұрмаймыз, басқаларға лағынет айтып, теріс жол тілегендердің дұғасына ешқашан «әмин» демейміз.