Ашкөздік

Ашкөздік – арыстанды тышқанға айналдыратын қақпан. Оған түскен оңайлықпен құтыла алмайды...

Ашкөздік – ең мықтымын дегендердің жауырын жерге тигізген құбыжық.

Ашкөзділіктен арыла алған кісіге уақыт өте келе бәрі қызыға қарайтын болады.

Іші тар адамның бойындағы қызғаншақтық, ашкөзділердің бойындағы тойымсыздық – олардың қанына сіңген жәһаннамы.

Ашкөздік – адамның құлдық қамыты.

Мұқтаждық – адамның ұялу сезімін кеміретін құрт іспетті, әсіресе оған ашкөзділік серік болса..!

Адам неге құмар болса, соның құшағында жан тәсілім етеді.