Қайтарым күтпеу

Үшіншісі: Аллаһ елшісі осы дүниеде не ақыретте қандай да бір сый алу немесе игілікке кенелу үшін міндетін атқарған жоқ. Бұл – оның пайғамбарлығының және бір дәлелі. Осылай әрекет ету  пайғамбарлық мінезден келіп шығады. Өзінен кейін осы мінез арқылы әрекет еткендерге келсек, нағыз тәблиғшы әрі дағуа ізбасарлары – солар. Құран ешкімнен қарым күтпеген адамдарға ілесуді әмір етіп, «оларға ілесіңдер»[1] дегенді айтқан.

Хадишаның (р.а.) байлығы хақты жаю жолында жұмсалғанда, Аллаһ елшісі өзі үшін ешкімнен бір сабақ жіп те талап етпеді.
Пайғамбарымыздың ең жақын досы – Әбу Бәкір (р.а.) хижрәтте де ең жақын серігі болған. Сол Әбу Бәкірдің түйесін қысылтаяң шақта, ақысын төлеу шартымен ғана Пайғамбарымыз қабыл ететінін айтқан болатын[2]. Міне, осы мінезі Ақиық елшінің қаншалықты шынайылықпен әрекет еткенін дәлелдемей ме? Мұндай қиын-қыстау кездің өзінде де осындай қаперге алуға тұрмайтын елеусіз нәрсені ескерген адам ел аман, жұрт тынышта одан да қиынына үлгі болмай ма? Осы үлгі-өнегенің өзі тәблиғ иесіне жетіп жатыр.

Әбу Һурәйра (р.а.) айтады:
«Бір күні Аллаһ елшісін мешітте көрдім. Намазын отырып оқып жатыр екен. «Пайғамбарым, сырқаттанып қалдыңыз ба?», – деп сұрадым. «Жоқ, Әбу Һурәйра, ашпын. Аштықтан түрегеліп оқитын дәрменім қалмады», – деді. Тамағыма өксік кептеліп, көзіме жас үйірілді. Ол сонда мені жұбатып: «Жылама, Махшарда есеп беру қиыншылығы аш болғандарға тимейді», – деді[3].



[1] “Сізден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда” Ясин, 36/21.
[2] Бухари, Буиу’, 57, Мәнақибу’л-әнсар, 45; Муснәд, 6Һ198; Ибн Кәсир, әл-Бидайа, 3/218.
[3] Әбу Нуаим, Хилиә, 7/109; Кәнзу’л-Уммал, 7/199.