Білімнің жаппай өріс алуы

Бір қасиетті хадисте[1] Пайғамбарымыз Аллаһтың жарлығын:
 «Ақырзаманда білімді кең жаямын. Оны еркек те, әйел де, азат та, құл да, кіші де, үлкен де – бәрі жаппай үйренеді,[2]  – деп жеткізеді».

Ашылған түрлі сапалы мектептерде білім алып, адамдар бір-бірімен бәсекелесетін жағдайға жетеді. Бүгінгі таңда ашылған мұншама мектеп пен университет, әлемде кең тараған ғылым мен байланыс құралдарының да осы бағытта жұмылуы Пайғамбарымыздың ғылым шарықтап дамитын заманды меңзегенін ұқтыруда.

Осы саладағы оң өзгерістердің барлығы өз тілімен Ақиқат қыранына: «Айтқаның рас» деп жатқандай. Ғылым салалары түптің түбінде шынайы келбетіне оралғанда, осы ақиқатты өздері-ақ паш ететін болады...


[1] Қасиетті хадистің мағынасы Аллаһқа, сөзі Пайғамбарымызға тән болған хадистер (ауд).
[2]  Дарими, Мукаддима, 27.