1974-1977 өмірі

29.06.1974 Манисаға тағайындалуы
Едремит қаласында әскери міндеті аяқталғаннан кейін, (2 жыл 4 айдан соң) Маниса қаласының дін уағыздаушысы болып тағайындалады.

20.09.1974 Әкесі Молда Рамиздың қайтыс болуы
Рамазан айының үшінші күні, әкесі Рамиз қайтыс болды.

1975 Дәрістер оқуы
Бірнеше тақырыптарда дәріс оқыды: Құран және ғылым, Дарвинизмнің әшкереленуі, жаңа ұрпақ, әлеуметтік әділеттілік, пайғамбарлық. Конференцияларын Измир, Анкара, Чорум, Малатия, Диярбакыр, Кония, Анталия, Айдын және т.б. қалаларда өткізді.

28.09.1976 Манисадан Борноваға (Измир ауданы) ауысуы
Манисадан соң екі жыл үш айдан кейін Борноваға ауысып, онда 1980 жылдың 12 қыркүйегіне дейін қызмет істеді.

1977 Шетелдегі конференциялар
1977 жылы қызмет бабымен Германияға кетеді. Мұнда әр түрлі орындарда сөз сөйлеп, конференцияларға қатысады.

26.08.1977  Стамбулдағы алғашқы уағыз
Стамбулдағы алғашқы уағызын Йени Жамиде (Еминөнү ауданы) оқыды. Дәрістің тақырыбы мұсылманның алдымен өзін-өзі өзгерту қажеттілігі жайлы болды.  

09.09.1977  Стамбулдағы екінші уағыз
Екінші уағызын Сұлтанахметте (Стамбул мен Түркияның ең ұлық мешіттерінің бірі) оқыды. Мешітке келгендердің ішінде бұрынғы премьер-министр Сүлейман Демирел және Сыртқы істер министрі Ихсан Сабри Чаглаянгил болды.